Ссылки доступа

"Бомба бар" деп жалған хабар берген өзбек азаматы 300 сағаттық қара жұмысқа тартылды


Сот ісі бойынша, 2016 жылдың 21 наурызында спирттік ішімдікке тойып алған Абдиназаров Косая Гора елдімекенінде сол күні Өзбекстаннан ұшып келуге тиіс әйелінің оралмағанын қалап, мобилді телефонынан "112" нөміріне қоңырау шалып, "Шереметьево" әуежайына бомба қойылған, әйеліме қауіп төніп тұр" деп хабарлаған.

Бұл хабарға шұғыл әрекет еткен Ресейдің ІІМ қызметкерлері халықаралық Шереметьево әуежайының мамандарымен тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бірақ ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Сот Абдиназаровтың отбасында кішкентай сәбиі болғандықтан, бұрын сотталмағанын және Ресей аумағында жұмыс істеуге ресми рұқсат құжаты барын ескеріп, оны 300 сағатқа қара жұмысқа тарту жөнінде шешім шығарған.


XS
SM
MD
LG