Ссылки доступа

Шешенстан парламенті "өздерін таратты"


Шешенстан парламенті өздерін тарату жөнінде шешім қабылдаған. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Рамзан Кадыров инстаграм желісі арқылы хабарлады.

"Кезекті сайлау 2018 жылдың қыркүйек айында өтуі тиіс. Парламент бюджетті үнемдеу үшін биылғы жылдың қырқүйек айында Шешенстан президентіне сайлау мен заң шығарушы органның сайлауын бірлесіп өткізуге дауыс берді", – деп жазады Кадыров.

Қазіргі парламент 2013 жылдың қырқүйек айында ел конституциясына сәйкес, бес жылға сайланған. Мерзімі екі жылдан соң аяқталуы тиіс. Бұл Шешенстан парламентінің өздерін-өздері таратқан екінші оқиға. Мұның алдында 2008 жылы елде жаңа конституция қабылдануына байланысты деп, өздерін таратқан.

XS
SM
MD
LG