Ссылки доступа

БҰҰ: Орталық Азияда босқындар саны азайған


Чизу Мацушитаның айтуынша, босқындар санының азаюының түрлі себептері бар.

- Себебі, көп адам өз елінде жағдай жақсарғандықтан елдеріне қайтқан. Бұдан бөлек, біраз адам үшінші елдерге көшті. Сонымен бірге өз отбасын қайта тауып, өзге елдерге кеткен. Көптеген босқындар қабылдаушы елдің азаматтығын алған. Мысалы, Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде өзге елдерге кеткен босқындар Қырғызстан, Түркіменстан және тағы басқа елдердің азаматы атанған, - дейді ол.

БҰҰ босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының дерегінше, қазір Қазақстанда шамамен 700, Қырғызстанда 400, Тәжікстанда 2 мың босқын бар.

2000 жылы БҰҰ бас ассамблеясы 2001 жылдың 20 маусымынан бастап босқындар күнін атап өту туралы шешім шығарған. Содан бері бұл күні соғыс пен қуғынның салдарынан үйлерін, елін тастауға мәжүр болған отбасылардың тағдыры мен олардың қайрат-жігері жайлы айтылып келеді.

XS
SM
MD
LG