Ссылки доступа

Брюссельде бүгін Ресейге салынған санкцияны созады


Ұлыбритания Мәскеудің украин кикілжіңіне тікелей қатысы барын айтып, Ресейге енгізілген санкцияны сақап қалу керек деген нық пікірлерінен айнымады. Франция да санкцияны алу мәселесін тек Ресей Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдауын тоқтатқан кезде ғана шешуге болатынын айтты. Бірақ соған қарамастан Париж кейбір еуропалық лидерлердің Кремльге жақындау жолдарын іздестіру керек деген пікірлеріне қарсы болмады.

1 шілдеден бастап Еуропалық Одаққа төрағалық ететін ел — Словакияның сыртқы істер министрі Мирослав Лайчак Еуропа үкіметі ұзақ уақыт бойында елдеріндегі саясаткерлердің санкцияны алып тастау жөніндегі талаптарын елемей отыра алмайтындарын жеткізді. Министр Ресейдің ЕО елдеріне энергия жеткізуші ірі елдердің бірі болып қала беретінін де ескерген жөн дейді. Словакияның пікірінше, антиресейлік санкция проблемасына қатысты "саяси пікірталас" үлғайып барады. Reuters агенттігінің жазуынша, Ресейге салынған санцияны жеңілдетуге Италия, Болгария және Грекия елдері тырысып жатыр.

Бірақ соған қарамастан сейсенбі күні ЕО мүшелері Брюссельдегі кездесулерінде санкцияны жылдың соңына дейін ұзартады.

XS
SM
MD
LG