Ссылки доступа

Қайын атаның кегі күйеу баланың өлімімен аяқталды


Бұл жөнінде Өзбекстанда шығатын "Ҳуқуқ" газеті облыстық прокуратураның аға тергеушісі Б. Холматовтың сөздеріне сілтеме жасап хабарлаған.

Оның сөзінше, ішімдікке салынып, үнемі қыдырып жүретін ер адам әйелін балаларының көзінше ұрып-соғып келген. Осы үшін күйеу баласын жазалауға бел буған қайын ата екі киллерге үш миллион сом (шамамен 480 АҚШ доллары) беріп, оның көзін жоюға тапсырыс берген. Киллерлер күйеу баланы келесі күні ішімдікке тойып, үйіне келе жатқан жерінен балтамен ұрып өлтірген.

Бұл қылмыс тез ашылған. Күйеу баласына тапсырыс берген қайын ата 12 жылға сотталған. Әкесінің өліміне қатысы бар деп ұлы 17 жылға, ал киллерлер 17 және 18 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

XS
SM
MD
LG