Ссылки доступа

Путин Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады


"Екі елдің лидерлері ресей-қытай әріптестігін одан әрі дамыту барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін нақты қадамдарды талқылайды", - делінген Кремль хабарламасында.

Кремльдің ақпараты бойынша, Владимир Путин мен Си Цзиньпиннің келіссөзі кезінде халықаралық мәселелерді, оның ішінде БҰҰ, БРИКС, G 20 және 23-24 маусымда Тәшкентте өтетін ШЫҰ саммиті барысында қол жеткізетін келісімдерді талқылайды.

Екі ел лидерлері трансшекаралық транспорт инфрақұрылымдарын, ғаламдық навигациялық спутник жүйесін, Солтүстік теңіз жолдарын бірлесіп дамыту және Сібір мен Оралды Солтүстік-Батыс федералды округіне байланыстыратын Белкомур жолдарына темір жол салу мәселесін талқылайды деп мәлімдеген еді Ресейдің вице-премьері Дмитрий Рогозин 20 маусымда.

XS
SM
MD
LG