Ссылки доступа

Кәрім Мәсімов допинг-тест өткізетін зертхана алу қажеттігін айтты


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Астанада үкімет отырысында қазақстандық спортшыларды олимпиадаға барар алдында допинг сынағынан өткізетін заманауи зертхана алу керегін айтты.

Премьер-министр Ұлттық олимпиада комитеті мен оның басшысы Тимур Құлыбаевқа допинг сынағын жасайтын зертхана алуды сұраған. "Біз мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Жақсы зертхана алу үшін мүмкін жекелеген демеушілердің көмегі қажет болар. Ол спортшыларымыз жарыстарға қатысардың алдында осы сынақтан өту үшін, кейін қандай да бір күтпеген жағдайлар болмау үшін және спортшыларымыз тестен өткенде сенімді болу үшін керек" деген Мәсімов.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы үкімет отырысы кезінде 102 қазақстандық спортшының Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама алғанын айтты.

20 маусымда Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Пекин олимпиадасы кезінде тапсырылған допинг сынамаларын қайта тексеруде оң нәтиже көрсеткен спортшылар тізімін жариялаған. Тізімде қазақстандық ауыр атлет, 94 килограмм салмақта олимпиаданың алтын медалін алған Илья Ильин де бар. IWF Ильиннен алынған сынамадан станозол табылғанын хабарлады.

IWF жариялаған сынамасыан допнг табылды делінген спортшылар тізімінде Лондонда алтын медаль алған Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зүлфия Чиншанло да бар. Бұл спортшыларды дисквалификациялау және Рио-де-Жанейро олимпиадасы қатыстыру мәселесін таяуда Халықаралық олимпиада комитеті шешеді.

XS
SM
MD
LG