Ссылки доступа

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс кешенін сынады


Ресей әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс күштерінің қолбасшысы, әуе-ғарыш күштері бас қолбасшысының орынбасары Виктор Гуменныйдың айтуынша, зымыраннан қорғаныс жүйесі "тапсырманы сәтті орындап, шартты нысанды белгіленген мерзімде атып түсірген".

Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік зымыраннан қорғаныс жүйесі зымыран-ядролық соққы жасау ықтималдығы қаупін сейілтуге, оның ішінде соққының бағытын "анықтауға" мүмкіндік береді дейді.

21 маусымда Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу АҚШ-тың Еуропада зымыраннан қорғаныс жүйесін дамытуына жауап беруге "мәжбүр болатынын" мәлімдеген. Ол Ресей 2000 жылдардың басында-ақ зымыранға қарсы жүйені орналастыруға жауап ретінде шабуылдаушы техникаларды дамытатынын ескерткенін айтты.

Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесі соңғы рет 2015 жылы маусымда сыналған.

XS
SM
MD
LG