Ссылки доступа

Қырғыз белсенділері БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізуге қарсы


Бішкекте БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасына арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға Жогорку Кенеш, медиаұйымдар, БАҚ, ақпараттық агенттіктер және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша резолюция қабылдады. Атап айтқанда, депутаттарға "БАҚ туралы" заңға өзгерістер енгізуді тоқтатып, мемлекеттік ақпараттық саясатты жасақтау үшін маңызды 2013-2017 жылдарға арналған Ұлттық стратегияны жүзеге асыру шараларына мән беру керек.

Парламент өкілдеріне ақпараттық саясат концепциясын жүзеге асырмайынша, БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізізбеді ұсынды. Сонымен бірге резолюцияда депутаттардың халықтың медиа сауаттылығын дамытуға арналған және ұлттық ақпараттық өнімдерді сапалы өндіруге арналған шаралар өткізу қажеттіліктері атап өтілген.

Еске сала кетейік, БАҚ туралы заңға енгізілген өзгерістердің бірі шетел азаматтарына және шетелдік тұлғаларға Қырғызстанда БАҚ-қа құрылтайшы болуға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG