Ссылки доступа

Орталық Азия сарапшылары аймақтардағы киберқауіпсіздікті талқылауда


Форумға Қырғызстаның, көрші елдердің, Еуропа, Ресей және халықаралық ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық технология жөніндегі сарапшылары қатысуда.

Бүгін форумға қатысушылар аумақтардағы киберқауіпсіздік мәселесін, интернет арқылы экономиканы дамыту, Бүкіләлемдік желіні мемлекеттік реттеу мәселелерін талқылайды.

Форумды SecDev Foundation, ICANN және Internet Society халықаралық ұйымдардың қолдауымен Қырғызстанның транспорт және коммуникация министрлігі, "Интернет саясатындағы азаматтық бастама" қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

XS
SM
MD
LG