Ссылки доступа

Германияда ИМ-ге қатысы бар тәжік азаматы ұсталған


Прокурорлардың мәліметінше, 30 жастағы ер адам 2015 жылдың сәуірінде Тәжікстаннан Сирияға жолға шығып, сол жақтағы ИМ ("Ислам мемлекеті") діни ультра-радикалдар тобына қосылған.

Күдікті радикалдың жихадшылар сапында соғысқаны, өз отандастарын экстремистік ұйымға қосылуға үгіттейтін видеоларға түскені айтылады. Прокурорлар Мухаммедсаид С. Сириядан 2015 жылғы қыркүйекте қайтып, жол-жөнекей Германиядан бір-ақ шыққан деп мәлімдеді.

ИМ содырлары 2014 жылғы жаздан бері Ирак пен Сирияның біраз аумағын жаулап алып, өз түсініктеріндегі "халифат" орнатуға кіріскен.

XS
SM
MD
LG