Ссылки доступа

Путин: Ресей Батыстың "агрессиялық әрекетіне" жауап береді


Ресей президенті НАТО-ның ресейлік шекараға агрессиялы түрде жақындаған жағдайда біз өз қауіпсіздігімізді ойлауымыз керек деді.

Оның сөзінше, әлем қауіпсіздік жүйесін құра отырып, халықаралық терроризмге қарсы тұруы керек, бірақ альянс өзінің аясынан шығып отыр. Путин Ресей қауіпсіздік жүйесін құратын диалогқа дайын деп мәлімдеді.

Путин сонымен бірге Мемлекеттік думаға 2014 жылы Қырымның аннексиялауына қолдау көрсеткені үшін жылы лебізін жеткізді.

Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынас 2014 жылдың наурыз айынан Ресей Қырым түбегін басып алғаннан бері күрт нашарлады.

Украина мен Батыс Ресейді Украина шығысындағы сепаратистерді қаруландырып отыр деп айыптайды. Мәскеу болса, мұны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG