Ссылки доступа

Сирияда өзбек командирінің қаза тапқаны хабарланды


Шиит телеарналары таратқан ақпаратқа сәйкес әл-Өзбеки сенбі күні Идлибтегі "Джабхат Ан-Нусра" тобының кеңсесіне жақын жерге қойылған көлік ішіндегі бомба жарылысынан мерт болған. Телеарналар әл-Өзбекиді Сирия оппозициясымен тізе қосып соғысып келген "ардагер жиһадшы" деп атайды.

Шиит дереккөздері бойынша, әл-Өзбеки бұл аймақта қаза тапқан жиһадшылардың алтыншы дала командирі.

Оның өлімі туралы мәліметті "Ферганская правда" атты ақпарат құралы да таратты. Әбу Бәкір әл-Өзбекидің өз есімі белгісіз. Оның өлімін тәуелсіз ақпарат көздері арқылы растау мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG