Ссылки доступа

Бүгін Ұлыбританияның Еуроодақта қалу, қалмау мәселесі шешіледі


Сарапшылардың мәліметінше, алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша еуроинтеграцияға қарсылар жақтаушылардан 6 пайызға көп. 9 пайызы әлі шешім қабылдамаған.

Ұлыбританияның Еуроодаққа мүше болуын елдің премьер-министрі - консерватор Дэвид Кэмерон, лейбористер лидері Джереми Корбин және Либералды демократтар партиясының лидері Тим Фаррон қолдайды. Олар Еуропалық Одаққа мүше болудың саяси әрі экономикалық пайдалы жақтары көп дейді.

Еуроскептиктер болса, босқындардың елге ағылуына алаңдайды.

Әлемдік лидерлер, жетекші компаниялар, инвесторлар Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы өзінің ықпалын түсіріп, әлемдік нарыққа айтарлықтай өзгеріс әкеледі, бұл бірнеше ұрпаққа әсерін тигізуі мүмкін деп отыр.

XS
SM
MD
LG