Ссылки доступа

Азаттық тілшілері Журналистер одағы сыйлығына ие болды


Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) ұйымы журналистика саласында тағайындаған сыйлықтың 2016 жылғы иегерлерін жариялады. Олардың ішінде Азаттықтың екі журналисі Қасым Аманжол мен Вячеслав Половинко бар.

Журналистер одағы сыйлықты он номинация бойынша берген. Қасым Аманжолға сыйлық Қазақстандағы жер реформасына қатысты өзекті сұхбаттары үшін "Саяси шолу" номинациясы бойынша, Вячеслав Половинкоға "Новая газета - Казахстан" басылымындағы Ақтөбедегі антитеррорлық операцияларға қатысты материалдары үшін "Журналистік зерттеу" номинациясы бойынша берілген.

Сыйлықтар "Репортерлік жұмыс" номинациясы бойынша "Ақ Жайық" басылымы тілшісі Зүлфия Байнекееваға, "Экономикалық шолу" номинациясы бойынша "Жас Алаш" газеті редакторының орынбасары Сансызбай Өкенұлына, "Ізденіс материалы" номинациясы бойынша "Саяси Қалам" басылымының тілшісі Инга Иманбайға, "Телевизиялық жұмыс" номинациясы бойынша "Астана телеарнасының директоры Ләззат Танысбайға, "Фотожұмыс" номинациясы бойынша "Время" басылымының фототілшісі Владимир Зайкинге берілген.

Сонымен қатар "БАҚ дизайны" номинациясы бойынша "Общественная позиция" басылымының жауапты хатшысы Кенжетай Айтбакиевке, "Интернет-жоба" номинациясы бойынша Facebook-тің негізін салған Марк Цукербергке де сыйлық берілген.

XS
SM
MD
LG