Ссылки доступа

Өзбек имамын өлтіргендер өмір бойы түрме жазасына кесілді


Сот қорғау тарабының Тигран Капланов пен Василий Иванченконы ұйымдастырушылар ретінде оларға қарсы қылмыстық іс қозғау жөніндегі талабын қанағаттандырмады.

21 маусымда Стамбулдың Бакыркёй аудандық соты алты айға созылған істі аяқтады. Элдор Аслан имамды өлтірді деп, ал Собир Шукуров ұйымдастырушы ретінде айыпты деп танылды.

Жәбірленуші тарап марқұм Мирзаглиб Хамидов туыстарының адвокаты Омер Юзгюлдің сөзінше, сотталушылар өздеріне тағылған айыптарды мойындамаған, сот шешіміне шағымданамыз деген. Адвокат марқұмның туыстары сот үкіміне разы дейді. Бірақ олар имам Бухариды өлтіруге тапсырыс бергендерді тауып, жауапқа тарту жөніндегі өтініштерін қанғаттандырмағанына наразы болған.

Сот отырысы кезінде жауап берген екі куәгердің айтуы бойынша, Собир Шукуров пен Элдор Аслан имам Бухариді өлтіру үшін Өзбекстанның арнайы қызметімен байланысы бар Тигран Капланов деген адамды жалдаған.

XS
SM
MD
LG