Ссылки доступа

Сирияда жүрген тәжік содырының қызы "жаңа" әкесін тапты (видео)


Сумайяның апасы бұл жөнінде әнші Шахриер Давлатовқа айтып, үйіне қонаққа шақырады. Әкесін іздеп күйзеліске түскен қыз әншіні көріп, "әкем келді" деп қатты қуанған. "Мен қызды өзіммен бірге алып кетер едім. Рас айтамын", - деп мойындайды Шахриер Давлатов.

Сумайяның әкесі – Парвиз мыңға жуық тәжік азаматтары секілді Таяу Шығыстағы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының қатарында соғысып жүр. Тәжік үкіметінің ақпараты бойынша, олардың көбі отбасын тастап кеткен. Енді екі жыл бойында әкесін көрмеген Сумайяға "әкең кім" десе, теледидардан әнші Шахриерді көрсетеді.

XS
SM
MD
LG