Ссылки доступа

АҚШ конгресінде демократтар ереуілді тоқтатты


Депутаттар түнімен жалпы отырыс залын босатпай, еденге отырып ереуілдеді. Олар 4 шілде Тәуелсіздік күні қарсаңында жұмысты тоқтатпай, жалғастыруға күш салған еді.

Демократтар қару-жарақ саудасын шектеу туралы заң жобасын дауысқа салуды талап етеді. Құжатты демократтар 12 маусымда Флорида штатының Орландо қаласында түнгі клубта жаппай адам өліміне әкелген қарулы шабуылдан кейін ұсынған. Бірақ конргестің басым бөлігін құрайтын республикашылдар акцияны "жарнамалық қулық" деп бағалап, палатаны 5 шілдеге дейін таратты. Соған қарамастан демократтар акциясына қолдау білдірушілер Капитолия ғимаратының алдында тұр.

XS
SM
MD
LG