Ссылки доступа

Ислам Каримов пен Си Цзиньпин темір жолдың тұсауын кесті


Өзбекстан басшысы ірі жобаның жүзеге асуы — Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тарихи оқиға деп атап өткен. Президент Ислам Каримов пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин электровоз бен 4 жолаушы вагонынан тұратын бірінші "O’zbekiston" поезын "Камчик" тоннелі арқылы өтеуге рұқсат беру үшін бағдаршам түймесін басқан.

Жаңа жоба Камчик таулы өткелі арқылы өтеді, қашықтығы - 123,1 км, оның ішінде тоннельден жүріп өту - 19,2 км. Құрылыс жұмысына 810 млн АҚШ доллары жұмсалған.

"Ангрен-Пап" бағытындағы темір жол Ферғана жазығын елдің өзге аймақтарымен байланыстырады. Осылайша біріңғай ұлттық темір жол желісін құрады. Болжам бойынша, жаңа темір жол толығымен қолдануға берілгеннен кейін жылына 10 млн тонна халық-шаруашылық жүктерді тасымалдауға мүмкін болады екен. Ал бірінші жылы 600 мың жолаушы тасымалдайды. "Қытай — Орталық Азия — Еуропа" темір жол дәлізіне кіретін бұл жобаның ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосады дейді сарапшылар.

XS
SM
MD
LG