Ссылки доступа

Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон британдықтар елдің Еуропа Одағынан шығуын қолдап дауыс берген соң отставкаға кететінін мәлімдеді.

Лондонда референдум қорытындысынан соң Даунинг Стритте мәлімдеме жасаған Кэмерон қазан айына қарай отставкаға кететінін мәлімдеді.

"Мемлекетімізді келесі бағытқа бастап бара жатқан кеменің капитаны болғаным дұрыс болар деп оайламаймын",- деді Кэмерон.

Кэмерон бұған дейін ЕО-дан шығудың экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан зардабы тиетінін айтып, британдықтарды одақ құрамында қала беруге шақырып келген.

Ұлыбритания сайлау комиссиясы жариялаған түпкілікті нәтиже бойынша, дауыс берген сайлаушылардың 52 пайызы елдің ЕО құрамынан шығуын қолдап, 48 пайызы қарсы дауыс берген. Англия мен Уэльс елдің ЕО-дан шығуын қолдаса, Лондон, Шотландия мен Солтүстік Ирландия сайлаушыларының көпшілігі одақ құрамында қалуға дауыс берген.

XS
SM
MD
LG