Ссылки доступа

Британдықтар Еуропалық Одақтан шығуды қолдап дауыс берді


Жалпыұлттық референдумның нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 52 пайызы Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын қолдап, 48 пайызы қарсы дауыс берген.

Біріккен корольдік тәуелсіздік партиясының жетекшісі Найджел Фарадж "Біріккен корольдікте тәуелсіздік таңы атты! Егер болжам рас болса, ол барлық британдықтар үшін, лайықты адамдардың жеңіс болмақ!" деп мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның көмекшісі Reuters агенттігіне елдің "беймәлім территорияда" тұрғанын айтты.

Англияның солтүстік-шығысындағы қалалардың көпшілігі ЕО құрамынан шығуын қолдаса, Шотландия мен Солтүстік Ирландия тұрғындарының көпшілігі одақ құрамында қала беруге дауыс берген.

Лондон тұрғындарының да көпшілігі ЕО құрамында қалуды қолдаған. Қаланың Ламбет ауданында сайлаушылардың 79 пайызы елдің одақ құрамында қалуын қолдаған. Референдумға елдегі сайлаушылардың 72 пайызы қатысқан.

Ұлыбританиядағы референдум Еуропадағы тәуелсіздікті қолдайтын қозғалыс көтеріліп келе жатқан өзге елдерде де осындай референдум өткізуге түрткі болуы мүмкін деген қауіп бар.

XS
SM
MD
LG