Ссылки доступа

Тәжікстанда мұражай директоры есірткі үшін 5 жылға сотталды


Мұражай директоры қауіпсіздік комитеті тарапынан үстіміздегі жылдың наурыз айында ұсталған. Үйін тәркілеген кезде 229 грамм героин тапқан.

"Сот менің қорғалушымның кәмелетке толмаған үш баласы барын, әрі сотта өз ісін мойындап, өкінетінін білдіріп, кешірім сұрағанын ескеріп үкім шығарды. Сот барысында ол есірткіні өзі пайдаланғанын мойындады", - дейді адвокат Гулом Бобоев.

Каримов Хатлонның тарихи-өлкетану мұражайының тізгінін бір жыл бұрын ұстаған. Ол сол кезде, мұражайды дамытуға күшімді салып, қосымша жаңа бөлімдер ашамын деп уәде еткен.

Мұның алдында Насриддин Каримов жеке кәсіпкер болған. Кейбір мәліметтер бойынша, ол Курган-Тюбедегі "Миршаб" мейрамханасының қожайыны болған.

XS
SM
MD
LG