Ссылки доступа

Қырғызстан Қазақстанмен шекарада ветеринарлық бақылауды күшейтті


Мемлекеттік инспекцияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан тарабы Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық комиссиясына қауіпті дертті жұқтырған малдың ет және сүт өнімдерінің альянс территориясында таралуының алдын алуға шақырып хат жолдаған.

Осы аптада дәрігерлер Шығыс Қазақстан облысындағы екі тұрғынның "сібір жарасы" дертін жұқтырғанын анықтаған. Оның алдында Қарағанды облысында осы ауруға шалдыққан деген күдікпен ауруханаға жатқызылған екі адам көп ұзамай қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG