Ссылки доступа

Шотландия ЕО-дан шығу туралы референдум шешіміне вето қоюды көздейді


BBC-ге сұхбат берген ол Шотландия парламенті Британияның Еуроодақтан шығуына ресми түрде келісім беру керек деді. Ол шотландиялық парламентаризмді қарсы дауыс беруге шақыратынын айтты.

Стердженнің сөзінше, ол Шотландия халқын Еуроодақтан шығудың кері салдарынан қорғап қалғысы келеді. Шотландия бірінші министрі халқының 62 пайызы Еуроодақ құрамында қалу үшін дауыс берген.

Таяуда Никола Стерджен Шотландия үкіметі еуропалық қауымдастықта қалу үшін жедел түрде келіссөздерді бастауға ниетті екенін мәлімдеген. Ол сонымен бірге Шотландияның Ұлыбританияның құрамынан шығу туралы екінші рет референдум өткізу жөнінде заңдар әзірлеуге қадам жасалғанын да мәлімдеді.

23 маусымда Ұлыбританияда жалпыхалықтық дауыс беру кезінде 52 пайыз британдық ЕО құрамынан шығуды жақтаса, 48 пайызы қарсы дауыс берген.

XS
SM
MD
LG