Ссылки доступа

Түркияда "бәрі қамтылған" жүйесін жоюды ұсынады


Улусойдың сөзінше, бұл жүйе көбінде үнемді туристер мен отбасылы саяхатшылар үшін сұранысқа ие. "Бәрі қамтылған" жүйесімен жұмыс істейтін қонақ үйлер шығындары өсіп бара жатқанымен, бағаны өсіре алмайды деген ол мұндай жүйенің кең тарауы жергілікті туристік секторлардың кірісіне кері әсерін тигізіп жатқанын алға тартты.

TURSAB басшысының пікірінше, "бәрі қамтылған" жүйе бойынша жұмыс істейтін қонақ үйлер санын біртіндеп азайту қажет. Ол қонақ үй иелерін элиталық демалыс орындарды қалайтын тұрмысты туристерге бейімделуге шақырды.

Түркиядағы туристік индустрия Ресеймен арадағы қарым-қатынас күрт нашарлаған соң және елде теракті жиілеп кеткеннен кейін дағдарысқа ұшырап отыр. 21 маусымда Hurriyet басылымы Анталия тарихында болмаған күйзелісті бастан өткеріп жатыр, Ресей мен Германиядан баратын туристер жоқтың қасы деп жазған.

XS
SM
MD
LG