Ссылки доступа

Әзербайжанның Еуропа кеңесіне 2,4 млн еуро пара бергендігі айтылды


Италия басылымдарының жазуынша, Еуропа кеңесінде Италия өкілі болып отырып, Әзербайжан үкіметінен 2 млн 390 мың еуро көлемінде пара алған. Бұл ақша ПАСЕ-де Әзербайжандағы саяси тұтқындардың жағдайы туралы резолюция қабылданбауы үшін берілген.

2013 жылдың қаңтар айында Еуропа кеңесі Әзербайжан түрмесінде отырған 85 саяси тұтқынның жағдайы жөніндегі резолюцияны қабылдамаған. Резолюцияны 79 депутат қолдаса, 128-і қарсы дауыс берген. Осылайша "баяндама шындыққа сәйкес келмейді" деп кері қайтарылған.

Пара беруге ПАСЕ-дегі әзербайжандық делегацияның мүшелері Эльхан Сулейманов пен Муслум Маммадов делдалдық жасаған делінеді. Полиция әзірге ақша алған депутаттардың аты-жөндерін жарияламай отыр. Алайда партияның 73 ұжымдық мүшесі бар.

Әзербайжан билігі әзірге Италия тарабының айыптауларына ешқандай түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG