Ссылки доступа

ІІД: Бестөбедегі қақтығыста 14 кенші зардап шекті


16 маусымда Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" компаниясы игеретін "Новая" кенішінде жұмысшылар жеке күзет агенттігінің қызметкерлерімен қақтығысып қалған. Қақтығыс барысында күзетшілер қызметтік бытыра мылтығын қолданған. 14 шахтер бытыра оғы тиіп ауруханаға түскен, күзет агенттігінің бес қызметкері мен екі полицей жараланған.

"Күзетшілер заңсыз түрде алтын іздеушілердің бар-жоғын анықтамақ болып тексергенде, абайсызда артық кетіп қалған. Сосын сөзге келіп, төбелес басталған. Ол жерде жеті-сегіз күзетші болған. Төменнен оқиға орнына 45 кенші көтерілген. Атыс болған, қару күзетшінің атына тіркелген",-дейді Сәденов.

Оның сөзінше, төтенше оқиғадан соң ауылда болған жиналыста әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер де көтерілген. Полиция бұған дейін қақтығыс жұмысшылардың күзетшілерге жеке заттарын көрсетуден бас тартуынан соң басталған деген. Жанжалдан соң кеніште екі күзет қызметкері мен бес кенші ұсталған. ІІД олардың барлығы кепілге босатылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG