Ссылки доступа

Кэмерон: ЕО-дан шығу жөніндегі өтінішті ізбасарым береді


Кэмерон кабинеті болашақ премьер үшін құжаттар мен анықтамалық материалдарды әзірлеп береді, бірақ одақтан шығу туралы арыз жазбайды деді премьер-министр.

Дүйсенбі күні парламентке 23 маусымда өткен Ұлыбританияның Еуроодақта қалу, қалмауын анықтайтын референдумның ресми қорытындысын мәлімдеуге келген Кэмерон ЕО басшыларына және Германия канцлері Ангела Меркельге өзінің кабинетінің ресми түрде одақтан шығатыны жөнінде арыз жазуға ниетті емес екенін хабарлап қойдық деді.

XS
SM
MD
LG