Ссылки доступа

Украинада ИМ-ге қатысы бар деген күдікпен екі тәжік азаматы ұсталды


Украина басылымдарының жазуынша, екі Тәжікстан азаматын әуежайдан ұстағаннан кейін, құқық қорғау құрылымдарына алып кеткен. "Украинская Правда" дереккөзіне сілтеме жасап, "тексеру барысында ұсталғандардың "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қатысы бар делініп, халықаралық іздеуде болғаны анықталған. Олар ИМ лагерінде әскери дайындықтан өткен, Сирия аумағында ұрыс алаңдарында соғысқан", - деп жазады.

Сонымен бірге тексеру барысында ұсталғандар жөнінде Интерполдан мәліметтер шыққан. Тәжік азаматтары араб тілінде жарылғыш заттарды мобилді телефонның көмегімен қалай іске қосуға болатыны жөнінде видеодәрістер жүргізген екен. Олардың өздерімен бірге видеофайлдары бар флэш-карттары да болған.

"Мұнан бөлек олардан экстремистік мазмұндағы әдебиеттер табылған. Ұсталғандар Тәжікстанда ислам революциясын жасағымыз келді", - деп түсіндірген деген хабарлайды басылым.

Оларды Тәжікстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр екен. Бірақ тәжік билігі бұл ақпаратқа әзірге мән бермеген.

XS
SM
MD
LG