Ссылки доступа

Өзбекстанда 51 жастағы әйел ойыншық тапаншамен зергерлік дүкенді тонамақ болған


Озодликтың (Азаттықтың өзбек қызметі) Наманган облысы прокуратурасындағы дереккөздің айтуынша, әйел кәсіби қылмыскерлерше әрекет жасаған.

– 51 жастағы Замира Шахбозова дүкеннен 4 мың сумға (75 цент) Қытайда жасалған ойыншық тапанша сатып алған, басына қара шұлық киіп, Наманган қаласындағы "Зарнигорбегим" зергерлік дүкеніне басып кірген. Сатушының басына тапанша тиеп, алтын бұйымдардың бәрін целлофан қалтаға сал деп бұйырған. Осы кезде басқа сатушы милицияға қоңырау шалып үлгерген, – дейді прокуратурадағы дереккөз.

Оның сөзінше, оқиға орнына келген ішкі істер департаментінің шұғыл жасағы әйелді ұстап, "қарусыздандырған".

– Ұсталған әйел туралы мәлімет белгілі болды. Шахбозова 2013 жылы Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 167-бабы бойынша ("Ұрлық жасау") сотталған, бірақ кейін рақымшылықпен босап шыққан. Қазір оған Қылмыстық кодекстің 164-бабы бойынша ("Қарақшылық") іс қозғалды, – дейді дереккөз.

XS
SM
MD
LG