Ссылки доступа

Қырғызстанда "БАҚ туралы" заң жобасын сарапшылар сынға алды


Азамат Тынаев заң жобасын ұсынушылар бұрыс статистика жүргізіп отыр дейді. Мәселен, АҚШ-та шетелден қаржыландырылатын Al Jazeera мен Russia Today көрсетіледі.

Эксперт заң жобасының авторлары қоғамға дұрыс ақпарат бермей бұрмалап отыр деп есептейді. Ол сонымен бірге бастамашыл топтар тақырыпты талқылаудан қашады дейді.

Еске сала кетейік, Жогорку Кенеш 22 маусымда "БАҚ туралы" заңға түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Тіркелген 109 депутаттың 79-ы қолдап дауыс берсе, 30-ы қарсы болған.

Заң жобасы шетелдік заңды және жеке тұлғаларға қырғызстандық БАҚ-қа құрылтайшы болуға және шетелден қаржыландыруға тыйым салады.


XS
SM
MD
LG