Ссылки доступа

Құса болған тәжік қызы содыр әкесінің жүрегін жібіте алмады


Душанбеде тұратын төрт жастағы Сумая әкесін тек отбасылық альбомдағы суреттерден ғана көреді. Екі жыл бұрын оның әкесі Парвиз Саидрахмонов Ресейге ақша табу үшін кетіп, Таяу Шығыста шамамен Ирактан бір-ақ шыққан. Ол онда ИМ-нің қатарына кіріп, атын Абу Довуд деп өзгертіп, әлеуметтік желілер арқылы ИМ тобын насихаттаған. Парвиз Саидрахмонов кейбір бейнебаяндарда адамдарды "жиһадқа шақырып", өте агрессивті сөйлейді.

Әкесін сағынып жүрген Сумая бір күні теледидардан әнші Шахриёр Давлаттың бейнебаянын көріп, қатты қуанады. Ол бұл менің әкем деп, әжесінен әкесін үйіне шақыруын сұрайды. Екі апта бұрын Сумаяның тәтесі мен әжесі Шахриёр Давлатты үйлеріне шақырады. Қыз әншіні әкесіндей қарсы алады.

Бұл бейнебаянды Сумаяның шын әкесі көрген. Жарты жылдан астам отбасымен хабарласпаған Парвиз Саидрахмонов бейнебаян арқылы қызы жайындағы сюжетті "арандату" деп атаған.

Онда Парвиз Саидрахмонов "егер сіздер, менің жоғалып кеткенім туралы, менің анам мен қызым туралы сюжет көрсетіп, мені жиһад жолынан кері қайтады деп ойласаңдар, қатты қателесесіңдер. Бізді "ет турағыштан" өткізсеңдер де, біз соңына дейін барамыз", - деген.

XS
SM
MD
LG