Ссылки доступа

ЕО мемлекет басшылары "Брекзит" салдарын талқылайды


Күн тәрбітінде "Брекзит" тақырыбынан бөлек, миграциялық дағдарыс және ЕО-ның сыртқы саясаттағы қатынасы мәселелері де бар. Ресейге қарсы экономикалық санкцияны ұзарту мәселесі күн тәртібінде жоқ. Бірақ сыртқы саясат қатынасын талқылаған кезде, Ресей тақырыбы қозғалуы мүмкін.

Саммит қарсаңында Брюссельде Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд және Италия премьер-министрі Маттео Ренци "Еуропа бір болып қала береді" деп мәлімдеме жасаған. Олар Лиссабон келісімінің 50-бабына сәйкес, Ұлыбританиямен биресми келіссөздер жүргізілмейді деді. Ұлыбританияның отставкаға өтініш берген премьер-министрі Дэвид Кэмерон өзінің Еуроодақтан ресми түрде шығатынын жарияламайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Ол мұны қыркүйек айында өзінің орнына келетін ізбасары жариялайды деді.

Кэмерон 28 маусымда ЕО елдері лидерлерімен кездесу үшін Брюссельге барады. 29 маусымда лидерлер Кэмеронсыз саммитті жалғастырады. Италия президенті саммитте Ұлыбританияның шығуын ғана емес, еуропалық жобаны "қайтадан іске қосуды" да қарауымыз керек деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри 27 маусымда Еуропалық одақты Ұлыбританиядан кек алу тәсілінен аулақ болып, барынша жауапкершілікпен, сезімталдықпен және страгтегиялық дәлдікпен әрекет етуге шақырған.

XS
SM
MD
LG