Ссылки доступа

Иранда шенеуніктердің "шексіз" мол айлықтары қоғам наразылығын туғызды


Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік сақтандыру компаниясының басшысы айына 30 мың доллар жалақы алады екен. Мемлекеттік банктің жетекшілерінің жалпы еңбекақысы мен сыйақылары айына 65 мың долларды құрайды. Бұл мемлекеттік мекемелердегі ең төменгі еңбекақымен салыстырғанда 200 есеге көп. Қатардағы мемлекеттік қызметкерлердің айлықтары — 200-300 доллар.

Иранның бас тергеу басқармасының жетекшісі Носир Сиродж жарияланған ақпараттан кейін, өзіне жоғары айлық тағайындаған шенеуніктің бірі тұтқындалды деп хабарлады. Ол қазіргі уақытта көп айлық алатын шенеуніктердің тізімі жасалып жатқанын, олардың барлығы тиісті органдарға жіберілетінін атап өтті.

Иранның Жоғары сотының төрағасы Содик Лариджани мемлекеттік мекеменің басшылары өзінің қарапайым жұмысшысынан 50 есе көп жалақы алуын қабылдауға келмейтін дүние деп атады. "Бұл әділетсіздік. Тіптен мұның құрамында қылмыстық әрекет болмаса да, барлығы заңды болса да, мұндай әділетсіздікке жол беруге бомайды", - деді ол.

Лариджани сонымен бірге бұл жанжал Иранның беделін түсіруге пайдаланылмауы керек деп ескертті.

XS
SM
MD
LG