Ссылки доступа

Стамбул: әуежайдағы жарылыстың құрбандары мен зардап шеккендер саны өсуде


Шабуылдаушылардың бірі автоматпен адамдарға оқ атып, артынша бомбамен өзін жарып жіберген. Мұның алдында полиция екі күдікті ер адамды байқап, оларға оқ атқан, осыдан кейін екі жерден жарылыс орын алған деп хабарланған.

Оқиға орнынан хабар беріп жатқан тілшілер полиция мен қауіпсіздік қызметтерінің шабуылдаушыларды халықаралық терминалдың ішіне кіргізбеуге барынша күш салғандары туралы айтып жатыр. Жарылыс әуежайдың сыртында такси тұрағында және терминал астындағы метро станциясында орын алған.

Бүгін Стамбулдағы Ататүрік халықаралық әуежайы жұмысын жалғастырды. Бұл жөнінде Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді. CNN таратқан хабар бойынша, ол терактінің артында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы тұруы мүмкін деген.

Түркияда соңғы уақытта жарылыстар мен шабуылдар кең етек алды. Соңғы болған жарылыстарға жауапкершілікті күрд сепаратистері алған.

XS
SM
MD
LG