Ссылки доступа

Путин 2017 жылдың соңына дейін азық-түлік экспортына тыйым салды


2014 жылдың 7-тамызында Ресей Еуроодақ, АҚШ, Аустралия, Канада және Норвегия елдерінің экономикалық санкциясына жауап ретінде аталған елдерге азық-түлік экспорттауға тыйым салған. Оның мерзімі 2016 жылдың 6-тамызына дейін болатын. Тыйым салынған азық-түліктің ішінде жеміс, көкөніс, сүт және ет өнімдері бар.

Бірінші рет Ресейге қарсы санкция Еуропалық одақ тарапынан 2014 жылдың 1-тамызында Қырымды Украинадан бөліп аннексиялағаны үшін және Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетіп отырғаны үшін енгізген. Шектеу жарты жыл сайын ұзартылып келеді.

XS
SM
MD
LG