Ссылки доступа

Тәжікстан мешіттерінде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі


Үлемдер кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода 29 маусымда Душанбеде өткен жиында Стамбулда Ататүрік әуежайында орын алған террористік актіден кейін, қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуіміз керек деді.

Оның айтуынша, мұсылман мерекесі кезінде күні-түні мешіттерді күзетіп, ұйықтамай, келген адамдарды бақылау керек. Күдікті болса, бірден органдарға хабарлау керек,- дейді Саидмукаррам Абдулкодирзода.

Ол сонымен бірге мереке қарсаңында да күзеттерді күшейтіп, бейнебақылау жұмыстарын тексеріп, бәрін іске қосу керектігін де атап өтті.

XS
SM
MD
LG