Ссылки доступа

Вице-премьер Сағынтаевтың "дипломатиясыз сөздері" кеңінен таралып кетті


"Егер қосымша Тәжікстаннан кемінде 100 куб су алатын болсақ, біз Өзбекстанмен бөлісіп алар едік. Оның 50 куб суын қосымша Мақтаарал өңіріне жіберуші едік",- деп Tengrinews.kz шенеуніктің сөздеріне сілтеме жасайды.

Қазақстанның бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев әкімнің сөзін қолдап, бұл мәселеге қатысты келіссөз болғанын айтты. "Тәшкентте әріптестерімізбен сөйлестік. Тәжіктер былтыр Қырғызстанмен жұмыс істеген сызбадағыдай жұмыс істеуді ұсынады. Олар егер сіздер бізбенен осы жолмен жұмыс істесеңіздер, бізден электр энергиясын да сатып ала аласыздар. Ол кезде сіздерге қырғыздармен байланысудың қажеті де болмайды. Біз су береміз деді. Сол себептен Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрлігіне әріптестерімен кездесіп, жұмыс жоспарын талқыласын, қаншалықты біз жұмыс істей аламыз деп тапсырма бердім",-деп мәлімдеді Сағынтаев.

Шенеуніктің сөздерін премьер-министр Кәрім Мәсімов бөліп, абайлап сөйлеуге шақырды. Мәсімов Астана Қырғызстанмен де, Тәжікстанмен де жұмыс істеуге дайын деді.

Бірінші вице-премьердің сөздері қазақстандық жаңалықтарда "қырғыздар" деген сөздері алынып тасталып, берілді. Бірақ Сағынтаевтың толық сөздері интернетке жарияланып кетті.

Казахстан прорабатывает получение поливной воды из Таджикистана взамен кыргызской
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:25 0:00
Загрузить файл

XS
SM
MD
LG