Ссылки доступа

10 жыл әкесінде сексуалдық құлдықта болған қыз


Гулбурак орталыққа өткен жылдың желтоқсан айында түскен. Ол бір жаста болғанда әке-шешесі ажырасып кеткен. Содан бері ол әкесімен тұрып келген. Бірінші рет әкесі араққа мас болып, Гулбурак алты жаста болғанда зорлаған. Осылайша он жыл бойында жалғасып келген.

Орталықтың психологы, әлеуметтік педагог Бақытгүл Суворова бұл жөнінде бірінші рет әкесі мен қызы жалдап тұрған пәтердің иесі сезіктеніп, милицияға хабар берген. "Қызды зорлап ғана қоймай, үнемі ұрып-соғып келген. Қыз мұның бәрін пәтердің иесіне айтып берген екен. Үй иесі бірден милицияға хабар берген. Қызды бізге алып келді. Желтоқсаннан бері әкесі қашып жүрген, бір апта бұрын оны ұстады", -дейді ол.

Гулбурактың өзі бұл күндерді есіне алғысы келмейді. "Бірінші рет мені алты жасымда зорлады. Мен мұны әжеме айттым. Бірақ ол мені қатты ұрып, ешкімге айтпа деп ұрысты. Сосын көп ұзамай әжем қайтыс болды. Әкем мені Бішкекке алып келді. Сосын ол үнемі ішкен сайын мені зорлап келді. Ол бірнеше рет үйленді. Оның сегіз әйелі болды. Ол әйелдеріне ашуланған кезде, мені ұратын", - дейді Гулбурак.

Гулбурак мектепті те толық оқымаған. Әкесімен үнемі көшіп-қонып жүрген. Ол тек алтыншы сыныпты ғана аяқтапты. Оның құжаттары да жоқ. Орталықтың қызметкерлері қыздың шешесін іздеген. Ол Ресейде жұмыс істейді екен. Бақытгүл Суворова егер қыздың шешесі табылса, заңды түрде анасына береміз дейді.

XS
SM
MD
LG