Ссылки доступа

Ресей туристеріне Түркияға жол ашылды


Екі елдің президенттері сәрсенбі күні телефон арқылы Мәскеудің бастамасымен сөйлескен. 45 минөтке созылған сөйлесу "өте өнімді әрі позитивті болған" деп хабарлайды Reuters Түркия президенті айналасындағыларға сілтеме жасап.

Ондағы дереккөз Reuters агенттігіне Путин мен Эрдоған жеке кездесуге де келіскенін хабарлаған. Екі лидер де "екіжақты қарым-қатынасты қалпына келтіріп, терроризммен бірге күресуге" уәде берген.

Бұл екі лидердің өткен жылдың қараша айындағы түрік жойғыш күшінің ресейлік ұшақты құлатып түсірген оқидан кейінгі бірінші сөйлесулері.

Сейсенбі күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин Эрдоғаннан ұшқыштың өліміне көңіл айтқан хатын алғаннан кейін, қоңырау шалуға шешім қабылдады деп хабарлаған.

Былтыр қараша айында ресейлік Су-24 ұшағы түрік тарапынан атып түсіріліп, ұшқыш қайтыс болғаннан кейін, Кремль Түркияға санкция енгізген. Санкцияны алып тастау үшін Путин түрік басшылығы тарапы кешіріп сұрап, атқан сарбазды жазалап, толық өтемақы төлеуі тиіс деп шарт қойған. Кеше Түркия Ресейге құлатқан ұшақ үшін өтемақы төлеуге ниетті емес екендіктерін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG