Ссылки доступа

Стамбул: теракті құрбандарының саны 42-ге жетті


Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған 29 маусымды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым хабарлағандай, 28 маусымда кешкісін үш "жиһадшы" Ататүрік әуежайына кіретін терминалдағы тексеру бекетінде оқ атқан. Осы уақытта ғимаратқа екі "жиһадшы" кіріп, жарылыс жасаған. Тағы бір террорист көшеде өзін жарған.

Әзірге бұл шабуылды ешкім мойнына алмады. Бірақ түрік билігі терактінің артында "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы тұр деп есептейді.

Осындай көзқарасты АҚШ-тың ЦРУ директоры Джон Бреннан де айтты. Оның сөзінше, ИМ Америка аумағы мен шетелдерде теракті ұйымдастырып жатыр.

XS
SM
MD
LG