Ссылки доступа

Өзбек ғалымы қатерлі ісікке қарсы емнің табылғанын мәлімдейді


"Біздің жаңа дәрілеріміздің әлемде баламасы жоқ. Ол рак клеткасындағы белсенді затты 3-5 пайыздан 95 пайызға дейін көбейте алады. Демек проблема шешілді деген сөз", – дейді Нуриддинов.

Нуриддиновтың сөзінше, препараттың екінші бір маңыздылығы химиялық ем қабылдаудың қажеті болмай қалады. "Науқас дәріні капсула түрінде ішеді. Ауру тұмау ретінде емделеді десе болады", – деп атап өткен ол, клиникалық сынақтың нәтижесі емдік курс қаншаға дейін созылатынын көрсетеді дейді.

Канада, Латвия және Өзбекстан ғалымдары бірнеше жыл бойында Швейцарияда ісік ауруына қарсы препараттар жасауды зерттеп келеді. Жаңа емдік платформа төменмолекулярлық биологиялық белсенді молекулалар мен жоғарымолекулярлық табиғи биополимер — гиалурон қышқылы концепциясы негізінде жасап шығарылған. Барлық препараттардың халықаралық патенті бар екен.

"Біз гиалурон қышқылын үш онкологиялық препараттармен комплексті сынақ жүргіздік. Гиалурон қышқылы препараттардың физикалық құрылымын радикалды түрде өзгертеді. Яғни ерігіш болып қалады", – дейді Нуриддинов.

XS
SM
MD
LG