Ссылки доступа

Борис Немцовтың өлімі жөніндегі қылмыстық іс сотқа жіберілді


Бес фигурант ұйымдасқан қылмыстық топ құрып адам өлтірді және қару-жарақты заңсыз сақтады, пайдаланды деп айыпталады.

Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин сәрсенбі күні тергеу ісінде жан-жақты, жеткілікті материалдар жинағанын мәлімдеді.

Борис Немцов өткен жылдың 27 ақпанында Кремль маңындағы көпірде өлтірілді.

Былтыр қараша айында қылмысты ұйымдастырды деп Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы офицері Руслан Мухудиновты сырттай тұтқындаған. Немцов отбасының адвокаты ұйымдастырушылардың құрамында тағы бір шешен офицері Руслан Геремеевтің болғанын айтады. Тергеушілер оны ұстауға бұйрық беруге екі рет әрекет жасаған. Бірақ Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин тиісті қарар қабылдауға қарсы болған.

XS
SM
MD
LG