Ссылки доступа

S&P Brexit-тен кейін Еуроодақ рейтингісін төмендетті


Еуропадағы кейбір ЕО-ға қарсы партиялар Ұлыбританияның одақтан шығуға дауыс бергенін қолдап, өз елдерінде де, әсіресе Францияда референдум өткізуге шақырған.

Wall Street несие агенттігі де ЕО рейтингін "АА" деңгейінен "АА+" деңгейіне дейін төмендетті. Агенттік "ЕО ішіндегі бірлік туралы ұстанымын қайта қарағанын" және Ұлыбритания одақтан шыққан соң ЕО бюджетінде икемділік әлсіз болады" деп болжайтынын мәлімдеді.

2016 жылы ЕО бюджетінің 21 пайызын Германия, 16 пайызын Франция, 13 пайызын Ұлыбритания толтырған.

"ЕО-ның кіріс болжамы, ұзақ мерзімдік капиталды жоспарлау және аралық басты қаржылық буферлеріне өзгерістер жасау үлкен белгісіздікті тудырады" дейді агенттік.

Standard & Poor's ЕО келешегі тұрақты екенін айтып, бұдан ары рейтингін төмендету жоспары жоғын білдірді.

Өзге ірі Moody's және Fitch сияқты несие агенттіктері ЕО рейтингісін әзірге өзгертпеді.

XS
SM
MD
LG