Ссылки доступа

Қырғызстан интернет-басылымдарды БАҚ-қа теңестіруге ниетті


Оның сөзінше, ақпарат агенттіктері және интернет-басылымдар хабар таратқан кезде заң алдында жауапкершілікті сезінулері керек. Мұндай заңның қажеттігі жөнінде алдын тағы бір депутат Кожобек Рыспаев мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Жогорку Кенеш 22 маусымда БАҚ туралы заңға түзетулер мен өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Бұл құжатта шетелдік заңды тұлғаларға және азаматтарға Қырғызстанда БАҚ-қа құрылтайшы болып, қаржыландыра алмайды.

Заң жобасының авторларының бірі Кожобек Рыспаев мұның алдында заңға енгізілетін түзетулер тек телеарналарға қатысты деп келген.

Қырғызстандағы құқық қорғаушылар мен журналистер аталған заң жобасын қабылдамауды талап етіп, бұл сөз бостандығына кері әсерін тигізеді деген еді.

XS
SM
MD
LG