Ссылки доступа

БАҚ: балалар омбудсмені Павел Астахов отставкаға кетеді


Осының алдында бейсенбі күні Астахов жақын күндері отставкаға кетуі мүмкін деген ақпарат тараған. Бірақ балалар омбудсмені аппараты мұны жоққа шығарды. Шенеуніктің өзі телефонға жауап бермейді. РБК дереккөзінің айтуынша, оның қызметтен кететініне – омбудсменнің жұмысына деген көптеген шағымдар және Кремльдің коррупцияға қарсы басқармасының оған қатысты туындаған мәселелері себеп болған.

Астахов 2009 жылдан бері Ресейде балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілі болып қызмет етеді. Оның кейбір "тыржиған әйелдер" жөніндегі айтқан сөздері қоғамда үлкен резонанс туғызған. Ол сонымен бірге Карелиядағы апаттан аман қалған балалармен сөйлесу кезінде: "Сонымен, қалай жүздіңдер?" деген.

Омбудсменнің бұл сөздері де қоғам наразылығын туғызды. Интернетте Астаховты отставкаға жіберу жөнінде петиция пайда болды. Оған бір тәуліктің ішінде 60 мың адам қол қойған.

XS
SM
MD
LG