Ссылки доступа

Ресейде Ұлттық ұлан жасақталды


Кеше, 3 маусымда Путин қабылдаған заң негізінде, Ресей ІІМ-нің бұрынғы ішкі әскер базасында жаңа күш құрылымы жасақталады. Ұлттық ұланның міндеті – төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризммен күрес, мемлекеттік нысандар мен мемлекеттік шекараны қорғау.

Сыншылар жаңа күш құрылымы парламент және президент сайлауы қарсаңында елдегі еркін ойлыларға қысым көрсету үшін құрылған деп топшылайды. Қабылданған заң Ұлттық ұланды толқуларды басуға, сондай-ақ мемлекеттік нысандарға қарулы шабуыл жасағанда және терроризм қаупі төнгенде қолдануға рұқсат етеді.

Ұлттық ұлан өзін қорғау үшін, заңға сәйкес, көпшілік шерулерді басу және қылмыстың алдын алу, көлік қозғалысын тоқтату әрекетін болдырмау кезінде қарсыласын әлсірету мақсатында күш қолдануға құқылы. Күш құрылымы азаматтарды ұстап, өз қалауынша тінту жүргізе алады. Ұлттық ұлан күштері орналасқан орын туралы ақпарат жариялауға тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG