Ссылки доступа

Қазақстанда сот Ақтөбедегі терактілерге күдіктілерді қамауға алды


16-дан 19 жас аралығындағы тоғыз адам абақтыда ұсталады, деп хабарлады облыстың соттың баспасөз қызметі "Интерфакс" агенттігіне. Күдіктілер тергеуге алынды.

5 маусымда Ақтөбеде белгісіз топ екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасады. Билік бұл топты "дәстүрлі емес діни ағымға" жатқызып, шабуылды теракт деп атады. Шабуыл салдарынан жеті адам қаза тапты. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізіліп, соның барысында, Қазақстан ІІМ-нің хабарлауынша, қылмыскер делінген 18 адам өлтірілді, тоғыз күдікті ұсталды.

Ешқандай танымал экстремистік топ шабуыл жауапкершілігін өз мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG