Ссылки доступа

FAZ: ЕО-да босқын атын "жамылып" келген террористер бар


Бұл жөнінде Германияның Конституциясын қорғау жөніндегі федералды мекеменің басшысы Ханс-Георг Масен "Frankfurter Allgemeine Zeitung" (FAZ) басылымына берген сұхбатында айтқан.

Оның сөзінше, бұл мәліметтерге даусыз дәлел келтіретін айғақтар бар. Жиһадшы-қолбасшыларының бұйрығымен әрекет еткен террористердің көбі бүгінде түрмеде отыр немесе өлтірілген. Олардың екеуі Парижде 2015 жылдың қараша айында болған теракті кезінде мерт болған.

"Немецкая волна" радиосының хабарлауынша, маусым айында ГФР арнайы қызметі Германияның әр аймағынан үш террористі ұстаған. Полиция ұсталғандар Дюссельдорф орталығында теракті жасамақ болған дейді.

XS
SM
MD
LG