Ссылки доступа

Түркия қайтадан ресейліктер үшін ең танымал демалыс орнына айналды


Басылымның ақпараты бойынша, сатылған туристік жолдамалардың 35 пайызы 1-шілдеден бастап Ресей азаматтары үшін қайтадан ашылған түрік курорттарына сатылған.

Ресейдің туристік операторлары ассоциациясының атқарушы директоры Майя Ломидзе РИА Новости агенттігіне түркиялық демалыс орындарына деген сұраныс он есеге өсті дейді. Бірақ соған қарамастан қымбат тұратын, жүйелі ұшақпен ұшатын туристік пакеттерге сұраныс аз екен.

Туристік операторлар чартерлі бағдарламаны қайтадан жаңартуға дайын екендіктерін айтады, бірақ ол үшін Ресей авиациясы ресми келісім беру керек.

29 маусымда Түркия президенті Режеп Эрдоған мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, сауда-экономикалық қарым-қатынасты қайтадан қалпына келтіру жөнінде келіскен.


XS
SM
MD
LG